Жаңбыр ма? Ертең ауа райы қандай болады

Алматы облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіліп, найзағай кезінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

11 маусымда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбырмен бірге найзағай болады, еліміздің оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі, таулы аудандарда дауыл болады.

Алматы облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіліп, найзағай кезінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл болады.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Ақтөбе, түнде Маңғыстау, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: