Павлодарда краннан аққан көк суға қатысты әкімдік пікір білдірді

иллюстрация үшін алынды
"Павлодар су арнасы" ЖШС аталған үйден судың санитарлық норма талаптарына сай келуін тексеру үшін сынамалар алынғанын хабарлады.

Павлодардағы тұрғын үйлердің бірінің кранынан көк су аққан. Бүған қатысты құзырлы ведомствалар пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz

Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде Гагарин көшесі, 70-ші үйдің пәтерінде краннан көк түсті су ағып тұрғаны туралы видео жарияланды.

Pavlodarnews.kz Павлодар қалалық әкімдігіне сілтемей жасай отырып, "Павлодар су арнасы" ЖШС қызметкерлері аталған үйге су берілу жүйесін тексергенін хабарлады.

- Аталған шағын ауданда су құбырынан ешқандай ақау анықталған жоқ. Қызметкерлердің айтуынша, үйдің ішкі су жүйесінде ақаулар болуы мүмкін. Қазіргі уақытта ол пәтерде таза, бояусыз су ағып тұр, - деді қалалық әкімдіктегілер

"Павлодар су арнасы" ЖШС аталған үйден судың санитарлық норма талаптарына сай келуін тексеру үшін сынамалар алынғанын хабарлады.

- Тексеру зертханада жасалды. Барлық көрсеткіштер таза. Су алынған кезде краннан таза, иіссіз және бояусыз су ағып тұрды. Аталған видео жалған және көрсетілген мекенжайға қатысты емес, - деді мекемеде.

Сондай-ақ мекеме өкілдері үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар (ПИК, МИБ және т.б.) жылу құбырларын тазалау кезінде тағамдық бояғышты қолданатынын атап өтті. Сол арқылы құбырлардың тесік жерін анықтайды. Ақаулар болса, бояғышы бар су жылу құбырынан үйдің ішкі су жүйесіне осылай түсуі мүмкін екенін де жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды