Берік Шәріпке қаруды заңсыз сақтау айыбы тағылды

24.kz
Тергеуге Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев пен бұрынғы министр Елжан Біртанов та қатысуы тиіс.

СҚ "Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қаруды заңсыз иемдену мен сақтау бабы бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды zakon.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінгі сот отырысында осы мәселеге қатысты куәгерлер сөз алды.

Мәлім болғандай Б.Шәріп 2006 жылы Шымкент қаласындағы қару-жарақ сататын дүкеннен травматикалық тапанша сатып алған.

Оқ-дәрі мен қару сататын мекеме өкілдерінің айтуынша, ол кезде травматикалық қару еркін саудаланатын. Содан кейін оның саудасы мен айналымына қатысты заң екі мәрте өзгерген.

Осы ретте қорғаушы тарап судьядан ішкі істер министрлігінің өкілін шақырып, қосымша түсініктеме алуға рұқсат беруді сұрады. Мәселенің мән-жайын тереңірек түсінуге қажет деп санаған судья бұл өтінішті қанағаттандырды.

Сондай-ақ, сотта белгілі болғандай тергеуге Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев пен бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та қатысуы тиіс.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты