Шымкентте дизель отынының тапшылығы қатты сезіле бастады. Салдарынан жанар-жағармай бекеттерінде ұзын сонар кезек туындап, жүргізушілер сағаттап күтуге мәжбүр. Сәйкесінше дизельдің бағасы да шарықтап кеткен. Қазір қаладағы бекеттерде 190-195 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Түркістан облысында жағдай мүлдем қиын, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.
Шымкентте соңғы екі күннен бері жанар-жағармай бекеттерінің басым көпішілігінде дизель отыны жоқ. Бұл жағдай ауыр жүк көліктерін тізгіндегендерге қатты соққы болған. Солардың бірі Бақтияр Асанқұлов. Қарбыз тиеп алған жүргізуші Жетісайдан Красноярскге бағыт алған. Алайда, жанармай іздеп шапқылап кеткен тасмалдаушы межеленген уақытта діттеген жеріме жете алмайтын болдым, дейді. Дизель іздеп дәңкесі кеткен жүргізуші тауарлары шіріп, жарамсыз болып қала ма деп қорқады.
Бақтияр Асанқұлов, көлік жүргізушісі:
Бір сутка болды Шымкентте тұрмыз. Салярка жоқ. Уже бір сутка уақыт жоғалттым. Тауарым бұзылса білмеймін. Қарғыстаннан салярка құйып шыққам. Сол саляркамен Жетісайға барып келдім. Үш күннен бері іздеп жүрмін. Жоқ таппадым.
Ғалымжан Кенжебек:
Шымкент мұнай өңдеу зауытынан дизельдік отын алатын бекеттерде тапшылық байқалды. Ал, Атыраумен келісім-шартқа отырғандар арасында мұндай мәселе кезікпейді, дейді мамандар. Сәйкесінше, сұйық отыны бар бекеттерде озын сонар кезек пайда болып, бағасы да шарықтап шыға келген. Ал, жүргізушілерге тек шектеулі мөлшерде ғана сатылып жатқан дизель отынын тапқанына да шүкір дейді.
Данияр Есенбаев, көлік жүргізушісі:
Кешеден бері іздеп жатырмын. Мына жерде бүгін беріп жатыр дегеннен кейін келіп қалдым. Қаланың барлық жерінде жоқ. Араламаған жерім қалмады. Бағасы 192 деп тұр ғой. Алдында арзан еді 170 сондай еді.
Медетбек Әзілбеков, оператор:
Бір аптадан бері дизель жоқ. Күніге осы очердь саляркіге. Күндегісі күнде қалмай жатыр әкелген салярка. Лимитпен беріліп жатыр.
Түркістан облысында да жағдай мәз емес. Жергілікті тұрғындар жанар-жағармай бекетінде бензин мен дизель отынын алуға түнделетіп болса да кезекте тұр. Абдырап қалған жүргізушілер жағдайдың қашан оңаларын түсінбей дал.
Жауапты ведомство өкілдері дизель отынын тасмалдау кезінде қиындықтар болғандықтан осындай жағдайға тап болғанын жеткізді. Сондай-ақ, бағаны тұрақты ұстап тұру үшін өз тараптарынан қолдан келгенше жұмыс атқардық деп ақталып бақты. Ал, оңтүстіктегі бензин мен дизель отынының тапшылығы 3-4 күннің көлемінде шешіледі деп жеткізді вице-министр.
Әсет Мағауов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
Шымкент мұнай өңдеу зауыты 13 маусымнан бастап бензинді технологиялық режимге шығара бастады. Күніне 6500 тоннадан, дизель отынын 16 маусымнан бастап 6000 тонна шығарды. Бірақ ар қарай жөнелту невтебазаларға, АЗС-тарға жұмыстары ондай қарқынды жүрген жоқ. Тек осы шығарылған өнімнің 50 пайызы ғана жетті. Сондықтан кешегі күннен бастап осы жұмысты ұлғайтып, бензин бойынша 7000 тоннаға дейін жэеткіздік отгрузканы. Дизель отыны бойынша 6500 тонна. Осы тепты ұстап тұрып 1-2 күнде Шымкент пен Түркістан облысында шешіледі.
Ал, әзірге жағдай толық тұрақталғанға дейін дизель отынына талас жалғаса бермек. Жүргізушілер талон іздеп сандалып, ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр.