Елорданың 145 мың тұрғыны ғана толық екпе алған

kaztag.kz
Бүгінгі күні астаналықтарға вакцинаның үш түрі қол жетімді - Sputnik V, QazVac және қытайлық - CoronaVac.

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордадағы екпе жайына тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бүгінгі күні 210 000-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды. 145 мыңнан астам азамат иммундау курсын толық аяқтады. Қорда 62 мыңнан астам бірінші, 48 мың екінші компоненттің вакцинасы бар, - деді Мұратов әкімдікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, медициналық ұйымдарда егу пункттерінің саны үш есеге артты, жұмыс күні жексенбі мен мереке күндерін қоса алғанда таңғы 8: 00-ден 22:00-ге дейін ұзартылды.

Сондай-ақ, вакциналау орталықтары "Хан-Шатыр", MegaSilkWay, "Керуен", "Абу-Даби Плаза", "Азия Парк", "Сарыарқа", "Евразия" сынды сегіз сауда орталықтарында және "Мечта" дүкенінде ашылды.
Бүгінгі күні астаналықтарға вакцинаның үш түрі қол жетімді - Sputnik V, QazVac және қытайлық - CoronaVac.

Біз халықтың екпе алудағы жақсы белсенділігін атап өткіміз келеді. Өткен апталарда біз күніне 1400-2000 адамға дейін екпе жасадық. Бірақ соңғы күндері ерік білдірушілер саны артты. Адамдар өз денсаулығына, айналасындағы адамдардың денсаулығына саналы түрде дұрыс қарай бастады. Өткен тәулікте вакцина алуға ниет білдіргендердің саны 4-5 еседен астам артты, - деді ол.

Бұған дейін Тимур Мұратов елордада коронавирус науқастар санының көбеюіне байланысты бұрынғы Рамада Плаза қонақ үйінде жұқпалы аурулар ауруханасы қайта ашылатынын айтқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады