Екпеге қарсы көрсетілімі барлар анықтаманы қай дәрігерден алады

lenta.ru
Вакцинаға қарсы көрсетілімдері бар азаматтар тіркелген медициналық мекеменің терапевт дәрігері ғана мұндай анықтамаға қол қоя алады.

Вакцинаға қарсы көрсетілімдері бар азаматтар тіркелген медициналық мекемесінен терапевт дәрігерден анықтама алуы тиіс, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

Олар жүкті әйелдер, емізулі баласы бар аналар, 18 жасқа дейінгі жастар, созылмалы ауруы бар адамдар және вакцинаға аллергиясы бар жандар.

Ал ел азаматтарына ревакцинация жасалуы әлі белгісіз. Көршілес мемлекеттерде вакцина алғандар қайта екпе қабылдап жатыр деген ақпарат шықты. Бірақ бізде ревакцинация әлі өтіп жатқан жоқ деді жауапты маман. Ал коронавируспен ауырған жандарға әлі үш ай өтпеген болса оларға ПТР-тест тапсырып қажеті жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша елімізде вакцина қоры жеткілікті. 2 млн-ға жуық екпе бар. Тек адам көп шоғырланған жерде екпе таусылып қалуы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады