Еуро-2020: Италия Бельгияны ұтып кетті

uefa.com
Барлық голдар бірінші таймда соғылды.

Еуро-2020 турнирінің ширек финалында Бельгия мен Италия құрамалары өзара мықтыны анықтады. Кездесу Мюнхендегі (Германия) "Альянц Арена" стадионында өтіп, 2:1 есебімен италиялықтардың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz aladop.kz-ке сілтеме жасап.

Барлық голдар бірінші таймда соғылды. 31-минутта жартылай қорғаушы Николо Барелла Тибо Куртуаның қақпасын дәл көздеп, есеп ашты. 44-минутта Лоренцо Инсинье допты алыс тоғыздыққа тоғытып, есепті еселеді. Жіберілген голдан кейін бельгиялықтар пенальти тебу құқығына ие болды, ал Ромелу Лукаку бұл мүмкіндікті өз пайдасына жаратты. Командалар екінші таймда көптеген шабуылдар ұйымдастырғанымен, есеп өзгеріссіз қалды.

Осылайша, "Скуадра Адзурра" турнирдің жартылай финалына шықты. Роберто Манчинидің командасы келесі кезеңде Испания құрамасымен кездеседі.

Өйткені Швейцария құрамасы пенальти сериясында Испанияға есе жіберді.

Матчтың негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында "қызыл фурияның" бағы жанды - 3:1.

Матчтағы алғашқы голды 8-минутта Испания құрамасы соқты. Жорди Альбаның алыстан бағыттаған соққысы Денис Закарияға тиіп, Ян Зоммер тұрған қақпаның торында тулады. 58-минутта Швейцария құрамасы есепті теңестіріп, интриганы жандандырды, гол авторы - Шердан Шакири. 77-минутта Швейцарияның жартылай қорғаушысы Ремо Фрейлер қызыл қағаз алды. Матчтың негізгі уақыты тең ойынмен аяқталды, ойын қосымша уақытқа ұласты.

Кездесудің қосымша уақытында гол соғылған жоқ. Пенальти сериясында Швецарияның үш ойыншысы гол соға алмады. Ал Испания сапында екі ойыншысы бұл мүмкіндікті мүлт жіберді. Қорытынды есеп - 1:3.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы