Синоптиктер 8-10 шілдеге арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Алдағы күндері ауа-райы жаңбырлы болады деп болжанып отыр.
Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты фронттар 8 мен 10 шілде аралығында Қазақстанның бүкіл аумағын қамтып, солтүстік-шығыс бағытқа ойысады. Осыған байланысты күн жаңбырлы болады: батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста - найзағай ойнап, бұршақ аралас қатты жаңбыр жауады. Екпінді жел бұлттарды қуалайды. Батыста ауа температурасы түнде: + 13 + 23 градус, күндіз: + 23 + 32 градус. Республикамыздың солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде + 10 + 21 градус болады деп күтіледі, күндіз термометр + 20 + 28 градусқа дейін көтеріледі. Еліміздің орталығы мен шығысында түнде: + 13 + 23 градус, күндіз :+ 25 + 37 градус, ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы + 18 + 25 градус, күндіз + 30 + 42 градус болады деп күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.