Өзбекстан әйелдердің хиджаб киюіне рұқсат берді

golosislama.com
Енді діни ұйым құру үшін 18 жасқа толған 50 адамның қолы болса жеткілікті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев "Ар-ұждан және діни ұйымдардың еркіндігі туралы" заңға енгізілген өзгертулерге қол қойды, деп жазады centralasian.org.

Заңның жаңа редакциясында қоғамдық орындарда діни киім киіп жүруге арналған тыйым алынған. Себебі, заң актілерінде "діни киім" түсінігінің заңдық анықтамасы жоқ.

Құжатқа сәйкес, діни ұйымдарды тіркеу және олардың ісін тоқтату тәртібі жеңілдетілген. Мысалы, жергілікті діни ұйымдарды құру бойынша бастамашы топтың құрамы азайтылады. Енді діни ұйым құру үшін 18 жасқа толған 50 адамның қолы болса жеткілікті.

Бұдан бөлек діни ұйымның орталық басқару мекемесін және оқу орындарын ашу үшін 100 бастамашы болуы керек деген талап жойылды. Сонымен бірге діни жиын өткізу үшін жергілікті тұрғындардың рұқсатын алуы керек деген талап да алынып тасталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады