Қанат Ысқақов ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды

primeminister.kz
Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.

2006-2009 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің бас маманының м. а.; бас маманы; сарапшысы.

2009 жылғы ақпан-қараша аралығында ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болды.

2009-2011 жылдары – ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының консультанты. 2011-2012 жылдары – ҚР ПӘ Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы; консультанты.

2012 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстанның ақылы жолдарында жыл басынан бері 661 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі тіркелген

Мобильді аударымдарды тексеру: салық органдары қазақстандықтардың алаңдаушылығына жауап берді