Ауған шекарасына Қазақстан әскер жібереді ме - Қорғаныс министрлігі жауабы

ҚР ҚМ
7 шілдеде Тәжікстан билігі ҰҚШҰ-ға мүше елдерден америкалық әскер аймақтан шығарылғаннан кейін Ауғанстанмен шекарада туындаған жағдайға байланысты көмек сұрады.

Ауғанстандағы жағдай ушығып кетсе, тәжік-ауған шекарасына қазақстандық бітімгершілік күш жіберіле ме? Бұл сауалға Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолдау мақсатында қандай да бір контингенті жіберу үшін біз бірнеше шарттарды орындауымыз керек. Шарттардың бірі, ең алдымен, ҰҚШҰ елдерінің бірінің практикалық көмек көрсету туралы ресми үндеуі, - деді Дәндібаев.

Екіншіден, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі деңгейінде шешім қабылданып, оны Парламенттің бекітуі қажет.

Біздің еліміздің парламентінің рұқсатымен ғана кез келген шектеулі контингент өзінің халықаралық миссиясын орындау үшін жіберіледі. Егер осы шарттар орындалса, біз, тиісінше, халықаралық міндеттемелерімізді орындауға дайын боламыз, - деп нақтылады ол.

7 шілдеде Тәжікстан билігі ҰҚШҰ-ға мүше елдерден америкалық әскер аймақтан шығарылғаннан кейін Ауғанстанмен шекарада туындаған жағдайға байланысты көмек сұрады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды