200-ден астам жас Венгрияның ЖОО-ларынан тегін білім алады - ҚР БҒМ

ашық дереккөздерден алынды
Стипендиаттар Венгрияда бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша қабылдаушы тараптың есебінен оқитын болады.

200-ден астам қазақстандық Венгрияның жетекші жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Осындай мүмкіндік ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Венгрияның Адами ресурстар министрлігінің келісімдерінің арқасында туындады, деп хабарлайды zakon.kz.

Біздің отандастарымыз "Stipendium Hungaricum" стипендиялық бағдарламасы бойынша оқитын болады. Бұл тізімді венгр тарапы үміткерлердің мамандық таңдауына деген ынтасына, олардың теориялық білімі мен оқудағы немесе таңдаған саласындағы жетістіктеріне сүйене отырып бекітті. Сондай-ақ әңгімелесу кезінде кандидаттардың жеке қасиеттері ескерілді, – деп атап өтті ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығы президентінің міндетін атқарушы Данияр Мұқитанов.

Оның айтуынша, стипендиаттар Венгрияда бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша қабылдаушы тараптың есебінен оқитын болады.

Сонымен қатар 70-тен астам адамнан тұратын резервтік тізім жасалды. Барлық үміткерлердің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтында жарияланған https://bolashak.gov.kz/ru/allnews/vnimaniyu-pretendentov-na-obuchenie-po-programme-stipendium-hungaricum

Айта кетейік, үкіметаралық келісімдер аясында 330 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, оның ішінде Венгрия, Польша, Қытай, Украина, Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам университеттерінде тегін оқи алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды