Қазақстандықтар Олимпиада ойындарын тікелей эфирден көре алады

24kz
Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын "Qazaqstan", "Qazsport" және "Хабар" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

XXXII Жазғы Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жапониялық "Dentsu Inc." компаниясымен келіссөздердің нәтижелі аяқталғанын хабарлаймыз. "Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Хабар» агенттігі" АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізліді, - дейді "Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын "Qazaqstan", "Qazsport" және "Хабар" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

Телеарналардағы олимпиадалық жарыстар кестесі қосымша жарияланады, делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, әлемдік сайыста Қазақстан құрамасынан спорттың 27 түрі бойынша 96 спортшы бақ сынайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс