Тоқаев: Біз сайлауды біреуге ұнайық деп жасамаймыз...

Ақорда
Президент ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің басшыларының тікелей сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.

– Шын мәнінде, ел тарихында осындай сайлау алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр. Халық тарапынан ешқандай шағым түспеді. Мұндай сайлау болған емес. Біз сайлауды біреуге ұнау үшін емес, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін өткіземіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретініне тоқталды.

Президент әкімдердің сайлауалды жұмыстарына оң баға беріп, олардың қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев олардың халық сенімін ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенім білдірді.

Жиын соңында жаңадан сайланған әкімдер Мемлекет басшысына өз бастамасын жүзеге асырғаны және еліміз бен ауылдарының игілігі жолында еңбек етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні