Асқар Ақаев Қырғызстанға оралады

МГИМО
Асқар Ақаевтың 2 тамызда ресейлік әуе компания ұшағымен Бішкекке ұшып келетіні хабарланды.

Қырғыз елінің бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке келеді, деп хабарлайды zakon.kz.

24.kg ақпараттық агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, экс-президенттің бүгін, 2 тамызда ресейлік әуе компания ұшағымен Бішкекке ұшып келетінін хабарлады.

Асқар Ақаев әуежайдан жауап алу үшін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне жеткізілуі тиіс. Бұрынғы президенттің Бішкекте қанша уақыт болатыны және Кемин ауданындағы туған ауылына ат басын бұратын-бұрмайтыны әзірге белгісіз, - дейді редакциядағылар.

Асқар Ақаев 1991-2005 жылдары Қырғыз Республикасының президенті болды. Ол елде жаппай митингілер басталып кетуіне байланысты қызметінен тастап, елден кетуге мәжбүр болды. 2005 жылдан бастап Ресейде тұрады. 2021 жылдың шілдесінде Асқар Ақаев пен Қырғыз елінің тағы бір экс-президенті Құрманбек Бакиевке "Құмтөр" алтын кенішін игерудегі сыбайлас жемқорлыққа байланысты іздеу жарияланғандығы белгілі болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді