Қазақстанда оқу жылының уақыты мен демалыс күндерінің мерзімі бекітілді

zakon.kz
Бұйрық 2021 жылдың 9 тамызынан бастап күшіне енеді.

ҚР Білім және ғылым министрі "Орта білім беру ұйымдарында 2021 – 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы" 2021 жылғы 27 шілдедегі бұйрығына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен, меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы мен демалыс кезеңдерінің мынандай мерзімдері анықталды:

- 2021 - 2022 оқу жылының басы - 2021 жылдың 1 қыркүйегі;
- оқу жылының ұзақтығы 1 -сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда - 34 оқу аптасы;

оқу жылындағы демалыс кезеңдері:

- 1-11 (12) сыныптарда: күзгі - 7 күн (2021 жылдың 1 қарашасынан 7 қарашаға дейін), қысқы - 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсанынан 2022 жылдың 9 қаңтарына дейін), көктемгі - 12 күн (2022 жылдың 19 наурызынан 30-на дейін, соңғы күнді қоса алғанда);

- 1 -сыныпта: қосымша демалыс - 7 күн (2022 жылдың 7 ақпанынан 13-іне дейін соңғы күнді қоса алғанда).

Бұйрық 2021 жылдың 9 тамызынан бастап күшіне енеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады