Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны туралы толық мәлімет жарияланды

Тәуелсіздіктің жылдар ішінде 1991 жылы 21,5-тен 2020 жылғы 22,8 туылғандарға өсті.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның 19 миллионыншы азаматын қалай анықтағанын баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

3 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа туған сәбидің ата-анасы мен барша қазақстандықтарды еліміздің 19 миллионыншы тұрғынның дүниеге келуімен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистикасы бюросының халықтың ағымдағы есебі деректеріне сәйкес 2021 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының 19-шы миллион тұрғыны дүниеге келді. Еліміздің 19-шы миллион тұрғыны ретінде Азаматқызы Жания анықталды. Азаматқызы Жания Алматы қаласында туған, отбасында төртінші бала болып табылады, делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Туу туралы актісіне сәйкес нәрестенің ата-анасы Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады. Анасы - Назгүл Балтабайқызы Көбентаева, 1986 жылы туған, әкесі - Азамат Әбілғаппарұлы Нұрғалиев, 1982 жылы туған.

19-шы миллион тұрғынды анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: табиғи қозғалыс өсімін (белгілі бір кезеңде тірі туғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) және халықтың көші-қон айырымын (еліміздің аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және оның шегінен тыс кеткендер саны арасындағы айырма) ескеріп жүргізілді. Кандидатура жалпы республика бойынша тұратын жеріне тәуелсіз анықталды, -дейді ұлттық бюродағылар.

Жалпы, тәуелсіздік жылдары ішінде халық саны 2557,9 мың адамға (15,5%) өсіп, ағымдағы жылғы 1 шілдеге 19009,6 мың адамды құрады.

1991 жылмен салыстырғанда туғандар саны 353,2-ден 426,8 мың адамға өсті.

Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда туылғандар саны көрсетеді. Тәуелсіздіктің жылдар ішінде 1991 жылы 21,5-тен 2020 жылғы 22,8 туылғандарға өсті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: