Нұр-Сұлтанда бүгіндері қолданыста қандай вакцина түрлері бар

Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда медициналық ұйымдарда 83 вакциналау пункті және қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарында сегіз уақытша пункт жұмыс істеп тұр.

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда тұрғындары қандай вакциналарды қолдана алатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бүгінде елордада вакцинаның екі түрі бар бар. Олар: Sputnik V және QazVac, - деді ол.

Қаланың бас санитарлық дәрігері елордада күніне 5-6 мың адамға дейін екпе алатынын атап өтті. Бұл, негізінен, 20 мен 59 жас аралығындағы азаматтар.

Барлығы медициналық ұйымдарда 83 вакциналау пункті және қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарында сегіз уақытша пункт жұмыс істеп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, шілденің басында Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары қытайлық Hayat-Vax және CoronaVac вакциналарының жоқтығына шағымдана бастады. Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тамызда қосымша 8 миллион доза вакцина алдыртқалы жатқандарын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды