Жамбыл облысының бұрынғы полиция бастығы Владимир Щелочков коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
8 тамызда 75 жасында Жамбыл облысы Ішкі істер басқармасының экс-бастығы, отставкадағы полиция полковнигі Щелочков Владимир Александрович коронавирус инфекциясынан кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.
Владимир Щелочков 25 жылдан астам уақытын Жамбыл облысының ішкі істер органдары қызметіне арнаған. Ол қарапайым тәртіп сақшысынан облыстық полиция бастығына дейін көтеріліп, жоғары дәрежеде жұмыс істеді. Оның есімі тек Жамбыл облысында ғана емес, Қазақстанның құқық қорғау жүйесі тарихының шежіресінде де аталады.
Ол көптеген кәсіби марапаттар мен ынталандыруларға ие, оның ішінде - үш дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медальдары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамоталары да бар. Сонымен қатар ол өз кезеңінде - Қазақ КСР қылмыстық іздестіру бөлімінің үздік қызметкері болып танылды. Отставкадағы полиция полковнигі Владимир Щелочков полиция қызметкерлеріне патриоттық тәрбие беруге бағытталған барлық шараларға белсенді қатысты. Сол үшін "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері" төсбелгісімен марапатталған.
Жамбыл облысының барлық полиция қызметкерлері үшін Владимир Щелочковтың кенеттен өмірден озуы - орны толмас шығын. Басшылық, ішкі істер органдарының ардагерлері мен полиция қызметкерлері марқұмның отбасы мен жақындарына шын жүректен қайғырып, көңіл айтады, - дейді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.