2020 жылдың жер және мүлік салықтарын қалай төлейміз

zakon.kz
2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады.

Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың меншік құқығына тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар жеке тұлғалардың мүлкіне бірыңғай салыққа біріктірілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Осыған байланысты салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді.

2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады, - деп еске салды Мемлекеттік кірістер комитеті.


Мүлік салығының сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін дайын деректемелер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігімен "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi.kz және Homebank банктерінің мобильді қосымшаларында kgd.gov.kz "Алдағы төлемдер" сервисінен білуге болады.

Бұдан басқа, салық салу объектілері бойынша ақпаратты "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Салық әмияны" бөлімінде көруге немесе осындай объектілердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуге болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады