Алматыда жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер көлемі екі есе артқан

Соңғы кездегі тіркелген қоңыраулардың ең максималды көрсеткіші - тәулігіне 8000.

Алматыда жедел жәрдем қызметіне келіп түскен қоңыраулардың жоғары көрсеткіші шамамен бір апта бұрын тіркелді және күніне ол 8 мың қоңырауды құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем жөніндегі директордың орынбасары Андрей Лойкиннің айтуынша, жыл басында жедел жәрдем қызметі күніне орта есеппен 3 200 -ге жуық қоңырау қабылдаған. Қазір аурудың таралу шыңы кезінде келіп түскен қоңыраулардың саны екі есеге дерлік өсіп, 6 400 құрады. Соңғы кездегі тіркелген қоңыраулардың ең максималды көрсеткіші - тәулігіне 8000.

Бригадалардағы жүктеме де өсті, бұл жыл басымен салыстырғанда күніне шамамен 15 қоңырауды құрайды, ол кезде ең көп дегенде 8-10 қоңырау болған еді. Қоңыраулардың келіп түсу мерзімі әрқилы болуына байланысты ең жиі аралық - сағат 10.00 -ден 15.00 -ге дейін және 19.00 -ден 24.00 -ге дейін тұрғындардан келіп түскен қоңыраулардың кейбіріне кешігктіріліп қызмет көрсетілген кездер болды. Әрине, барлық қоңырауларға мінетті түрде қызмет көрсетіледі, бірақ, ең алдымен, науқастың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғаны туралы жеткен ақпараттарға шұғыл әрекет жасалып, басымдық беріледі, - деп түсіндірді ол.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: