Танымал филолог Әлімхан Жүнісбек дүниеден өтті

facebook.com
Әлімхан Жүнісбек 1938 жылы қазіргі Түркістан облысында туған.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек қайтыс болды. Қаралы хабарлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова растады, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik-ке сілтеме жасап.

Әлімхан Жүнісбек 1938 жылы қазіргі Түркістан облысында туған.

ҚазМУ-дың филология факультетін 1963 жылы бітірген. 1964 жылдан Қазақстан ғылым академиясы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

Әлімхан Жүнісбек қазақ фонетикасына, орфография мен орфоэпия мәселелеріне, сингармонизм теориясына еңбек сіңірген ғалым.

Ол түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш мәселесі, қазақ тіліндегі сингармонизм заңы, қазақ тілінің артикуляциялық базасы құрамындағы артикуляциялық үлгілер, қазақ тіліндегі буын және морфеманың дыбыс құрамы мен желісі, латын әліпбиіне көшу мәселелері, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесі мәселелерімен айналысқан.

Ғалым 2007 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды