Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлері мінген екінші ұшақ Алматыға қонды

zakon.kz
Ұшақ жолаушылар арасында БҰҰ қызметкерлері мен Ауғанстандағы БҰҰ серіктестері болып табылатын бірнеше үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері бар

Ауғанстаннан Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметкерлері мінген екінші ұшақ кеше Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды zakon.kz.

22 тамызда БҰҰ Ауғанстаннан 108 адамын эвакуациялады, олар мінген үшақ Кабулдан Алматыға жетті. Бұл - соңғы аптадағы екінші осындай рейс. Ұшақ жолаушылар арасында БҰҰ қызметкерлері мен Ауғанстандағы БҰҰ серіктестері болып табылатын бірнеше үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері бар, деп хабарлады Қазақстандағы БҰҰ өкілдігі.

Сонымен қатар өкілдіктегілер БҰҰ өзінің мыңдаған қызметкерлері мен серіктестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша назар салып отырғанын айтты. Ұйым көмекке мұқтаж миллиондаған ауғандықтарға маңызды гуманитарлық және басқа да көмектерді жеткізу үшін бірқатар істер атқарады.

19 тамызда Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының (UNAMA) және БҰҰ -ның басқа да агенттіктерінің қызметкерлері мінген алғашқы ұшақ Алматыға қонды. Сыртқы істер министрлігі келген қызметкерлердің халықаралық дипломаттар, БҰҰ төлқұжаты мен иммунитеті иегерлері екенін хабарлады. Қазақстанда UNAMA мен БҰ -ның басқа да агенттіктерінің кеңселері уақытша, шартты түрде алты айға орналастырылады. Олардың мұнда тұруы мен кеңселерді жалға алу бойынша барлық шығындары БҰҰ бюджетінен толық қаржыландырылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды