Мәжіліс депутаты Атыраудағы кәріздік тазарту құрылысымен танысты

Атыраудың өзекті мәселелері Мәжіліс депутаттарының назарында.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – "Nur Otan" партиясы Фракциясының мүшесі С.Ж. Накпаев "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру мониторингі шеңберінде Атырау қаласындағы Кәріздік тазарту құрылысының (КТҚ) жұмысы барысымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың сол жағалау бөлігіне арналған кәріздік тазарту құрылысы кешені (КТҚ) Атыраудың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде орналасқан. Кәріз тазарту құрылысының жаңа кешенін пайдалануға беру облыс орталығының сол жақ жағалау бөлігі үшін сарқынды суларды тазарту проблемасын шешеді. Кешеннің құрамына кәріздік канализация алаңы, ағынды суларды тазарту қондырғылары, биологиялық тоғандар мен булану алаңдары, сондай-ақ ,тазартылған және өңделмеген ағын суларды тазарту, қолданыстағы сорғы станцияларын қосу кіреді. Кешеннің қуаттылығы тәулігіне 70 000 текше метр ағынды суды құрайды.

Фракция депутаты Сәлімжан Нақпев құрылыстың мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту, Жаңа КТК-нің қолданысқа берілуі облыс орталығының сол жағалауындағы кәріз қорын тазалау мәселесін шешетіндігін айта келіп, құрылыстың уақытында тапсырлуы бақылауда болатындығын айтты.

Айта кету керек, ағынды сулар ағыны булану алаңдарына енгенге дейін жаңа КТК-нің көмегімен жер асты суларын, топырақты және атмосфералық ауаны тазартудың толық циклінен өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: