Алматыда эпидахуал пессимистік болжамға сай өрбіп жатыр - Бекшин

pixabay.com
Шілдеде аурушаңдық өсімі тамыздың бірінші аптасынан бастап жоғары жұлқынып көтерілді: шілденің бірінші аптасы - 2 843, шілденің екінші аптасы - 5 324, шілденің үшінші аптасы - 6 397, шілденің төртінші аптасы - 9 852 жағдай, тамыздың бірінші аптасы - 10 728, тамыздың екінші аптасы - 10 529, тамыздың үшінші аптасы - 10 786 жағдай.

Оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы "қызыл" аймақта әлі қалып келеді.

Биылғы жылдың 25 маусымынан бастап коронавирустың "үнді" штаммына байланысты эпидемияның төртінші толқыны бұрқырап жатыр. Төртінші толқын шыңына 12 тамызда жетті. 29 шілдеден бастап КВИ-дың күніне шамамен 1,5-1,6 мың жағдайы тіркелуде.

Шілдеде аурушаңдық өсімі тамыздың бірінші аптасынан бастап жоғары жұлқына көтерілді: шілденің бірінші аптасы - 2 843, шілденің екінші аптасы - 5 324, шілденің үшінші аптасы - 6 397, шілденің төртінші аптасы - 9 852 жағдай, тамыздың бірінші аптасы - 10 728, тамыздың екінші аптасы - 10 529, тамыздың үшінші аптасы - 10 786 жағдай.

Сонымен қатар, 18 тамызда (2 847) және 19 тамызда ( 2318) диагнозы расталғандардың өсімі көп азаматтардың жазғы демалыстан соң жұмысқа жаппай шығуына қатысты профилактикалық мақсаттағы ПТР-тесттілеудің ұлғаюымен байланысты болды. Бұл ретте белгісі білінетін науқастармен қатар белгісі білінбейтіндердің де қатары көбейді: 13-17 тамызда 5,5% , 18 тамызда 6% және 19 тамызда 7,5%. Бұл жағдай оқу жылының басына дейін өседі, өйткені демалушылардың негізгі бөлігі жұмысқа енді шы,ады, сәйкесінше алда ПТР-тестілеу профилактикалық мақсатта артады, - деді Жандарбек Бекшин өз есебінде.

Инфекция тасымалы индексі тамыздың басындағы 1,2-ден 25 тамызға қарай 1,03-ке дейін төмендеуі байқалады, бұл эпидемия толқынының сабасына түсе бастауын көрсетеді деген болжамға мүмкіндік береді..

Осы көрсеткіштерді ескере отырып, эпидемияның дамуы пессимистік болжамға сай жүріп жатыр, тамыз айының соңына дейін КВИ-дың тағы 11 мың жағдайы тіркеледі, жалпы тамыз айы бойына бойына шамамен 48 мың жағдай тіркелді, КВИ жұқтыру жағдайы қыркүйектің екінші жартысына қарай ақырындап төмендей береді, ондайда бір айда 10 мыңға дейін жағдай тіркеледі, - дейді бас санитарлық дәрігер.

25 тамыздағы мәлімет бойынша бұл айда КВИ-дың 36 753 жағдайы тіркелді, бұл жыл басынан бері барлық жағдайлардың 31% құрайды: 118 082 жағдай. Екінші аптадағы тәуліктік өсім 1,2%деңгейінде қалып отыр.

Ауру белгісі айқын науқастардың үлесі өсуде: өткен апта 94,2% болса, осы аптада бұл көрсеткіш - 94,7%.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты