Тоқаев Ауғанстандағы жағдай туралы: Ең нашар сценарийге дайындалу қажет

pixabay.com
Президенттің айтуынша, сыртқы соққыларға және ең нашар сценарийге дайындалу қажет.

Ауғанстандағы жағдай әскери-өнеркәсіптік кешен мен еліміздің әскери доктринасын қайта қарастыру міндетін алға тартып отыр, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ауғанстандағы жағдай, жаһандық шиеленістің жалпы артуы әскери-өнеркәсіптік кешен мен әскери доктринаны қайта қарастыру міндетін алға тартады. Қорғаныс қабілетін нығайту, тиімділікті арттыру, қатерге қарсы әрекет ету де мемлекеттік маңызы бар басымдыққа айналуы тиіс, - деді Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында.

Оның айтуынша, сыртқы соққыларға және ең нашар сценарийге дайындалу қажет.

Мемлекет басшысы сырттан келетін тәуекелдерді модельдеу мәселесі өте өзекті болып жатқанын жеткізді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, стресс-тесттер өткізу, сценарийлерді әзірлеу қажет, олардың негізінде мемлекеттік аппараттың іс-шаралар жоспары әзірленіп, жасақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды