Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Босния және Герцеговина құрамасымен күш сынасты. Зеница қаласындағы "Билино Поле" стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды, деп жазады aladop.kz.
Ойынның 53-минутында Қазақстан құрамасы бұрыштама добын орындауға мүмкіндік алды. Асзат Тағыбергеннің асырған пасы Исламбек Қуаттың аяғына дөп түсті. Ал "Астана" футболшысы ашық қақпаны көздеуде еш қателеспеді. Ал 74-минутта Миральем Пьянич пенальтиден гол соқты. 86-минутта дәл осы футболшы бұрыштамадан пас асырған еді, Лука Менало қақпаға баспен соққы жасап, командасын алға шығарды.
Бірақ 95-минутта Бақтиер Зайнутдинов айып добын тамаша орындап, Қазақстан құрамасына бір ұпай сыйлады.
Бес ойын өткізген Талғат Байсуфинов шәкірттері D тобында 3 ұпаймен соңғы орында қала берді. Ал Босния құрамасы бір саты жоғары тұр (3 ұпай).