Азаматтарға ыңғайлы болу және атқарушылық жазбалар бойынша қарсылық берудің жедел тәсілдерімен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 31.01.2012 жылғы №31 бұйрығымен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау ережесіне түзетулер енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.
Түзетулермен қолдың түпнұсқалығын нотариалды куәландыру қажеттілігі алып тасталды.
Сонымен қатар, нотариустың электрондық поштасына жіберу арқылы қарсылық берудің жаңа балама тәсілі енгізілді.
Енді егер борышкердің нотариусқа жеке өзі қарсылық білдіруге немесе пошта байланысы арқылы жіберуге мүмкіндігі болмаса, оған өзінің қарсылығын нотариустың электрондық поштасына жіберу жеткілікті.
Бұл ретте мұндай қарсылық беру мерзімдерін (10 жұмыс күні) сақтау маңызды.
Жаңа ережелердің нәтижесінде атқарушылық жазбаның күшін жою себебі бойынша сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуді тоқтату фактілерінің саны азайды.
Бұрын борышкерлер қарсылықты тек екі жолмен – нотариустың жеке өзіне не хабарламамен жібере алды, соңғы жағдайда қолдың түпнұсқалығы нотариалды куәландырылды, ол үшін мемлекеттік бажбен қатар құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер үшін төлем алынғанын атап өтеміз (жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК, заңды тұлғалар үшін – 1 АЕК).
Электрондық пошта арқылы қарсылық білдіру қосымша қаржылық және уақыт шығындарын болдырмайды.