Дизель отынын тұтыну көлемі өндіріс қарқынынан асып тұр 

Ресейден шамамен 100 мың тонна көлемінде дизель отынын алу туралы келіссөздер өтті.

2021 жылы дизель отынын өндіру көлемі 4,9 млн.тоннаны құрайды, бұл 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылдың мамыр – қыркүйек аралығындағы 5 айында тұтыну көлемі 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 480 мың тоннаға және 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 246 мың тоннаға жоғары.

Елдегі бөлшек сауда бағасы көрші елдерден әлдеқайда төмен, бұл транзиттік көліктер мен ағындарға дизель отынын тұтынудың өсуіне ықпал етеді.

- Қазіргі уақытта көтерме бағаның айырмашылығы тоннасына 80-90 мың теңгені құрайды, бұл АЖҚС-қа дизель отынын импорттауға мүмкіндік бермейді. Ресейде жанар-жағармайдың көтерме бағасы әлемдік мұнай бағасының өсуімен бірге өсті, ал Қазақстанда аздап қана өзгерді, - деді Әсет Мағауов.

Ресей Федерациясынан дизель отыны Ресей салығынсыз жеткізілетініне, Қазақстанға импорт кезінде қазақстандық ҚҚС және тоннасына 540 теңге акциз төленетініне назар аударамыз.

Вице-министр 23 қыркүйекте Министрлік Ресей Федерациясының Энергетика министрлігімен шамамен 100 мың тонна көлемінде дизель отыны импортының қажетті көлемін бөлуге қатысты келіссөздер жүргізгенін атап өтті.

Қазіргі уақытта АЖҚС ірі желілері Ресей Федерациясының жеткізушілерімен келіссөздер жүргізуде.

- 28 қыркүйектегі жағдай бойынша Ресей Федерациясының зауыттарынан дизель отынын жөнелту – 19 517 тоннаны құрайды, бұл ретте импорттаудың жанданғанын атап өтеміз, 1-20 қыркүйек аралығында 5 055 тонна тиелді, ал 21-28 қыркүйек аралығында шамамен 14 462 тонна дизель отыны тиелді, - деп Әсет Мағауов сөзін қорытындылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: