Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин азаматтық қоғамның қоршаған ортаны қорғауға қатысуының ашық тетіктерінің қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бүгін жалпы отырыста депутаттар "Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.
Хаттаманың мақсаты – Каспий теңізінің жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластануын болғызбау, азайту, бақылау және барынша мүмкін болатын жою болып табылады.
Осыған орай, депутаттар Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне халықтың Каспий теңізін қорғау жөніндегі іс-шараларға қатысу тетіктері туралы мәселені қойды.
Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттарында көрсетілген барлық экологиялық міндеттемелері бойынша толық және сенімді ақпарат қоғамның Каспий теңізін қорғауға да, жалпы қоршаған ортаны қорғауға да қатысуы үшін басты шарт болып табылады.
Палата Спикері бұл қоғамның Каспий теңізін қорғауға да, жалпы қоршаған ортаны қорғауға да қатысуының басты шарты екенін айтты.
Жалпы алғанда, Хаттамада ластану көздерін бақылау жөніндегі шараларға негізделген өңірлік және ұлттық бағдарламаларды немесе іс-қимыл жоспарларын қабылдау көзделеді.