Қазақстан мен Сингапур Алматы облысындағы жаңа қаланы дамытпақ

primeminister.kz
G4 City жобасын іске асыруда ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы келісімге қол қойылды.

"Астана" халықаралық қаржы орталығында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысындағы G4 City – жаңа қаласын дамытудың жаңартылған шеберлік-жоспарымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Мегаполис Алматы – Қапшағай трассасының бойында орналасатын болады және төрт ауданнан тұрады: Gate District – іскерлік және қаржы орталығы, Golden District – білім беру және медициналық хаб, Growing District – өнеркәсіптік және логистикалық хаб, Green District – туризм және ойын-сауық. G4 City-ге арнайы экономикалық аймақ мәртебесі беріледі. Халықаралық әуежай салып, Сингапурмен тікелей әуе қатынасын ашу жоспарда бар.

G4 City Орталық Азияның жаңа экономикалық хабына айналып, Қазақстан экономикасына түсетін шетелдік инвестициялардың одан әрі өсуіне елеулі серпін береді деп күтілуде. 2050 жылға қарай мегаполис аумағында 2,2 млн адам тұрып, 1 млн-нан астам жұмыс орны қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта Gate District-те магистралдық инженерлік желілер жүргізілген, "Қоянқұс" тұрғын ауданы салынып жатыр. 3,5 жыл ішінде кемінде 300 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. G4 City-ді дамытумен сингапурлық "Surbana Jurong Group" мемлекеттік компаниясы айналысады. Бұл қалалар мен инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша Азиядағы ең ірі корпорациялардың бірі. Ол Сингапурдың Temasek Holdings тәуелсіз қорына тиесілі, оның 16 мың қызметкері бар, әлемнің 40 елінде қызмет көрсетеді. Компания Сингапурда 1 млн-нан астам үйді дамытумен айналысты, 30 ел үшін бас жоспар әзірледі, 100-ден астам индустриялық парктерді жобалады.

Таныстырылым қорытындысы бойынша қазақстандық "Caspian Group" АҚ компаниясы мен "Surbana Jurong Group" арасында G4 City жобасын іске асыруда ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы келісімге қол қойылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады