Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысын қабылдады

Ақорда
ДКҰ басшысы Түркістан қаласындағы кедендік инфрақұрылым нысандарын аралағанын айтып, жаңа әуежайдың кедендік ресімдеу процесін жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурияны қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының белсенді мүшесі ретінде ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетінін айтып, Ұйым басшысының елімізге көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді. Президент пандемия кезінде елімізде ұлттық экономика мен халықаралық сауданы қолдау жөнінде кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталып, бұл жұмыстар қарқын ала түсетінін жеткізді, делінген Ақорда хабарламасында.

Кунио Микурия Президентке қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы ел деп атап өтті.

ДКҰ басшысы Түркістан қаласындағы кедендік инфрақұрылым нысандарын аралағанын айтып, жаңа әуежайдың кедендік ресімдеу процесін жоғары бағалады. Кунио Микурия облыс орталығының «Шығыс-Батыс» бағытындағы транзиттік әлеуетінің маңызды екеніне тоқталды. Бас хатшы Қазақстандағы кеден саласының айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті. Сонымен қатар Бас хатшы Қазақстанның электронды кедендік декларациялау рәсімі мен «бір терезе» қағидатын енгізу тәжірибесі Ұйымға мүше көптеген елдер үшін озық үлгі бола алатынын айтты.

Кездесу соңында кеден саласындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға келісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы