Тоқаев Досхан Жолжақсыновты "Отан" орденімен марапаттады

brod.kz
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев актер Досхан Жолжақсыновты "Отан" орденімен марапаттады, деп хабарлайды zakon.kz.

Наградтау туралы Қаулы Ақорда сайтында жарияланды:

Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов "Отан" орденімен наградталсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, делінеді Қаулыда.

Досхан Қалиұлы Жолжақсынов 1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Балықшы ауылында туған, кино және театр актері, кинорежиссер.

1973 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.

1971 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрының актері.

1995 – 2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болды.

Жолжақсынов театр мен кинода 200-ден астам бейнелерді сомдаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды