Ұлттық банктегілер халықтың инфляциялық күтулері туралы айтты

zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық банк өкілінің айтуынша, 2021 жылдың қыркүйек айында инфляциялық күтулердің сандық бағасы бір жыл алға 9,0%-ды құрады.

2021 жылдың қыркүйек айындағы халықтың инфляциялық күтулері бойынша ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, 2021 жылдың қыркүйек айында инфляциялық күтулердің сандық бағасы бір жыл алға 9,0%-ды құрады.

Халықтың инфляцияны бағалауы жоғары қалпында қалып отыр, алайда 2021 жылдың шілде-тамызында байқалған ең жоғары мәндерден біршама төмендегені байқалады. Атап айтқанда, ағымдағы инфляцияның қарқыны жеделдейтінін және сақталатынын күткен респонденттердің үлесі 59%-ға дейін төмендеді (тамызда – 61,5%). Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі азық-түлік бағасының көтерілетінін атап өтті (85%). Тауарлар құрылымында респонденттер ет пен құс еті, нан-тоқаш өнімдері, құрылыс материалдары, киім мен аяқ киім, балаларға арналған тауарлар бағасының тез өсетінін айтты, - дейді Денис Чернявский.

Қыркүйек айында тұтынушылық көңіл-күй барлық компонентте жақсарды.

Халықтың тауарларды көлемдеп сатып алуға дайындығы артып, 2020 жылдың басындағы мәндерге жетті. Экономиканы дамыту бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді күтулер шектеу шараларының жеңілдеп, коронавируспен ауырғандар санының азаюынан жақсара түсті, - дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты