COVID-19-дан өлім-жітім неге көп?

Pixabay
Өлім-жітімнің жоғары себептерінің бірі – емдеудің кеш басталуы.

Иммунолог, медицина ғылымдарының докторы Владислав Жемчугов дәрігерге кеш жүгіну және ауруды емдеудің уақтылы басталмауы коронавирустық инфекциядан болатын өлімнің негізгі себептерінің бірі екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Өлім-жітімнің жоғары себептерінің бірі – емдеудің кеш басталуы. Адамдар дәрігерге бару қажет пе, немесе қажет емес пе деп тым ұзақ ойланады. Дәрігерді күтеді, анализ нәтижелерін күтеді, арада емдеу басталуға дейін 7-10 күн өтіп кетеді. Вирус жұққан соң төртінші күннен бастап ауыр пневмония басталады, дейді ТАСС-қа берген сұхбатында аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман.

Маман коронавирустан болатын өлім-жітімнің өсуін болдырмау үшін диагностиканы уақытында бастау қажет, сондай-ақ емдеу әдістерін жетілдіру керек екенін айтты.

Қазіргі емдеу тәсілі вирустың өзгеруіне сай келмейді, деп қорытты дәрігер.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 1499 жаңа жағдайы тіркелді.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды