Біздің Жалтақбайлар мен Жалбаңбайлар, Маймаңбайлар мен Майпаңбайлар "Қайрат" пен "Астананың" ойынын көрші елдің "Матч-ТВ" арнасынан көрсету құқығына қол жеткізіп, малақайларын аспанға атып жатқан көрінеді, дейді спорт журналисі Нұрғазы Сасаев.
Ресей келіп сұраса бір жөн, өздері "жалынып" беріп, олармен келіскендері жетістік пе?!
Осыдан бірнеше жыл бұрын "Қазспорт" ел чемпионатын мүлде көрсетпей қойған. Ел футболды КФЛ сайтынан іздеп, "босып" кеткен. Ал көрші елге "тегін" бергендеріне қуанатын болыпты...
Мұны не деуге болады?!
Көршілерімізді "қызықтырған" немесе "көндірген" уәждері бұл ойын ресейлік бапкерлердің, яғни Бердыев пен Тихоновтың "шайқасы" екен. Сонда, қазақ футболында басқа құндылық жоқ па, деп күйзеліп отыр журналист.