3 қалада қар жауады деп күтілуде

zakon.kz
22 қазанда Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынды, түнде қатты (жаңбыр, қар). Жолдарда көктайғақ.

Синоптиктер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына 20-22 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан

20 қазанда көшпелі бұлт, жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік бағыттағы жел 3-8 м/с, ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 15-17 жылы.
21 қазанда көшпелі бұлт, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 8-10 градус жылы болады.
22 қазанда көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 0 градус, күндіз 2-4 градус жылы болады.

Алматы

20 қазанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 19-21 жылы.
21 қазанда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады, күндіз екпіні 10 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 16-18 градус жылы болады.
22 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынды, түнде қатты (жаңбыр, қар). Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады, екпіні 10 м/с, ауа температурасы түнде және күндіз 3-5 градус жылы, одан әрі төмендейді.

Шымкент

20 қазанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 20-22 градус жылы болады.
21 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынды, күндіз қатты (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с , ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 12-14 градус жылы болады.
22 қазанда көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 8-10 градус жылы болады.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы