Тоқаев АӨСШК Хатшылығының атқарушы директорын қабылдады

Ақорда
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа АӨСШК аясында Азия аумағындағы сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған 50-ге жуық іс-шара өткізілгені туралы айтылды.

Президент АӨСШК Хатшылығының атқарушы директорын қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске Қазақстан төрағалығының бірінші жылының қорытындылары туралы мәліметберілді. Сонымен қатар Хатшылықтың қазіргі қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде форумның институционалдық дамуына қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды, делінген Ақорда хабарламасында.

Осы ретте, АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына Ақылмандар кеңесін құруға және АӨСШК-тің Талдау орталықтарының форумын тұрақты жұмыс істейтін консультативтік алаң ретінде қайта құруға қатысты бастамаларының іске асырылуы туралы мәлімет берді.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа АӨСШК аясында Азия аумағындағы сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған 50-ге жуық іс-шара өткізілгені туралы айтылды.

Бұдан бөлек, Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына Кеңестің сыртқы саяси ведомство басшыларының жуырда болған кездесуінің негізгі қорытындылары мен 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК-тің VI Саммитіне дайындық жұмыстары туралы баяндады.

Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі алдағы жиынға тиянақты дайындалудың, соның ішінде маңызды мәселелер мен ұйымдастыру жұмыстарын пысықтаудың маңызды екеніне баса мән берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды