Қостанайда кәсіпорын директоры жол жөндеуден 27 млн теңге жымқырды

zakon.kz
Кәсіпорын директоры мен бөлім қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Көп жағдайда көлік жолдарын жөндеу саласында бюджет қаражатын жымқыру жұмыстың белгіленген көлемін орындамау немесе сапасыз орындау жолымен, сондай-ақ орындалған жұмыстардың актілеріне жалған мәліметтер енгізу жолымен іске асады, деп хабарлайды ҚР ҚМА Баспасөз қызметі.

Осындай деректердің бірін Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті анықтады.

Тергеу мәліметтері бойынша, мердігер "Galara" ЖШС мен Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында 612 миллион теңгеден астам сомаға Қостанай қаласының Набережная көшесін қайта жөндеу үшін келісімшарт жасалған.

"Galara" ЖШС Бас директоры ТКШ бөлімі инспекторының көмегімен іс жүзінде көрсетілмеген (құм-қиыршық тас қоспасынан, ұсақ тастан жасалған негіздердің төсейтін және тегістейтін қабаттарын орнату бойынша) қосымша қызметтер бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін ұсынды.

Жалған акт негізінде ЖШС есепшотына 27 миллион астам теңге негізсіз аударылды.

Кәсіпорын директоры мен бөлім қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды