Тәліптер Кабулде журналистерге шабуыл жасады

NOVOSTI.TJ
Ақпаратқа қарағанда, екі журналист жарақат алған.

"Талибан" қозғалысының әскері Кабулдағы митингіні түсіріп жатқан журналистерге шабуыл жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

21 қазанда 20-ға жуық әйел бас қаланың көшелерінде құқықтарын талап етіп наразылық акциясына шықты. Олар "Жұмыс, нан және білім" деп ұрандап тұрды.

Көп өтпей тәліп әскерінің бірі оқиғаны түсіріп жатқан шетелдік журналисті қаруымен итеріп жіберген. Тағы бір журналистке қол салғанын "Франц-пресс" агенттігі жазды.

Ақпаратқа қарағанда, екі журналист жарақат алған.

"Тәліптер әйелдерді де, шетелдік, жергілікті журналистерді де сыйламайды", - деді акцияны ұйымдастырушылардың бірі Захра Мухаммади.

Әзірге "Талибан" қозғалысы бұл оқиға туралы түсініктеме бермеді.

Ауғанстан билігіне келген "Талибан" қозғалысы әйелдер құқығы шариғатқа байланысты қаралатынын мәлімдеген.

Қазір Ауғанстандағы 34 провинцияның бесеуінде ғана қыздарға орта мектепке баруға рұқсат берілген. Әйелдердің көпшілігіне жұмысқа баруға тыйым салынған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды