Коронавирустың ревакцинасын қашан алу керек?

Павел Михеев / zakon.kz
Израильде бес айдан, Еуроодақта алты айдан кейін жасалу керек.

Коронавирусқа қарсы ревакцина (қайта егу) алу керек екені қандай критерийлермен бағаланады? Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, иммунолог Николай Крючков айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Әзірге COVID-19-ға қарсы ревакцинация алудың негізгі критерийі ауырған немесе вакцинадан өткеннен кейінгі кезең болып қала береді, - деді ол Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Иммунологтың айтуынша, әртүрлі елдердегі зерттеушілер ұқсас пікірде:

АҚШ-та ревакцинация сегіз айдан кейін, Израильде бес айдан, Еуроодақта алты айдан кейін жасалу керек. Вируспен ауырғаннан кейін немесе вакцина алғаннан кейін шамамен алты-сегіз ай өткен кез ревакцинаның оңтайлы мерзімі, дейді Николай Крючков.

Сондай-ақ, ол ғалымдар адамдардың әр тобы үшін қорғаныс антиденелерінің оңтайлы деңгейін анықтаған кезде ревакцинаны одан да тиімді етуге болатынын атап өтті.

Әрбір нақты адамға қанша антидене қажет екені анықталса, жақсы болар еді. Яғни, жынысы, дене салмағы, жасы және т.б. сияқты критерийлер бойынша қорғаныс үшін қанша антидене оңтайлы екенін анықтау керек. Мысалы, 40-45 жас аралығындағы 60 кг салмағы бар әйел үшін антиденелердің белгілі бір концентрациясы аурудың ауыр түріне айналмайтынына 95% кепілдік беретінін білу ыңғайлы болар еді. Мұндай зерттеулер жүргізілуде, бірақ бұл әлі нақтыланбады, деді Николай Крючков.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі