Нұр-Сұлтанда кітапхана жетіспейді, мәселе қалай шешілмек?

Pixabay
Кей аудандарда кітапханалар жоқ.

Нұр-Сұлтанда кітапхана желісін қалай кеңейтуге болады. Бұл туралы мәслихат отырысында қалалық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Санат Шапашов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, жыл сайын қала кітапханаларынан кітап сатып алуға 15 млн теңге қарастыру қажет. Әңгіме білімнің барлық салалары бойынша кітаптар, сондай-ақ әлем әдебиеті, балалар әдебиеті, Брайль қарпіндегі кітаптар мен аудиокітаптардың туындыларын сатып алу туралы болып отыр.

Төрт кітапхана жалға алынған бөлмелерде орналасқан. Жалға алу үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен 3-тен 5 млн теңгеге дейін төленеді. Бұл мәселені шешудің бір жолы – ғимараттарды сатып алу және оларды "орталық кітапхана жүйесі" балансына беру немесе тұрғын кешен құрылысы кезінде бірінші қабаттарды кітапханалар үшін арнайы қарастыру, - деп түсіндірді Санат Шапашов.

Қаланың кітапхана жүйесін кеңейту қажеттілігіне бар, нормативтер бойынша 20 мың тұрғынға шаққанда кемінде бір кітапхана болуы тиіс, ал бүгінде елордада бар болғаны 18 кітапхана бар, яғни 63 мың қала тұрғынға 1 кітапханадан.

Кей аудандарда кітапханалар жоқ, мысалы, Есіл ауданында бір ғана кітапхана бар, оның өзі жалға берілетін үй-жайда орналасқан.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды