Жануарларды қорғау туралы заң ұлттық спорт түрлеріне тыйым сала ма?

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин министрге бұл мәселені заңда нақты жазуды тапсырды.

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ұлттық спорт түрлерін өткізу кезінде жануарлардың қатысу қауіпсіздігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Бекболат Тілеуханның айтуынша, ұлттық спорт түрлері жарақатқа, соның ішінде жануарларға да қауіпті.

Заң жобасында жануарларға жарақат және мертігу әкелетін ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу енгізіледі. Бұл бағытта ұлттық спорт түрлерімен не болады? - деп сұрады ол Мәжілістің жалпы отырысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын қарау кезінде.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жануарлардың қатысуымен ұлттық спорт түрлерін өткізуге тыйым салынбайтынын атап өтті.

Заң жобасының негізгі мақсаты – жануарларды қатыгездіктен қорғау. Өзіңіз айтып өткендей жануарлар зақым алатын ойын-сауық түрлеріне тыйым салынады. Мысалы, ит төбелестіру. Ұлттық спорт түрлеріне келетін болсақ, олар жануарларға зиян келтірмейді, сондықтан оларды өткізуге тыйым салынбайды, – деп түсіндірді Экология министрлігінің басшысы.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин министрге бұл мәселені заңда нақты жазуды тапсырды.

Бұған дейін заң жобасын таныстыру кезінде Экология вице-министрі ит төбелестіруге толық тыйым салынатынын хабарлады.

2020 жылы Жаңаөзен тұрғыны ит төбелестірді. Содан кейін ер адам Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылған.

Бақытжан Отарбаева

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: