Перуашев: БАӘ-мен ынтымақтастық отандық бизнеске пайдалы

Мәжіліс депутаты жалпы отандық кәсіпкерлікті дамытуға оң әсерін тигізетінін айтты.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев елімізде жаңартылатын және дәстүрлі энергетиканың дамуына Біріккен Араб Әмірліктерімен үкіметаралық келісім серпін бере алады деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАӘ-мен инвестициялық ынтымақтастық электр энергетикасы саласынан басқа агроөнеркәсіптік, фармацевтикалық, көлік-логистикалық кешендерге қатысты екенін атап өтіп, мәжілісмен мұндай ынтымақтастық екі тарапқа пайда әкелетін нәтижелерге қол жеткізу үшін екі елдің бірлескен күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Электр энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылға еліміздегі жаңартылатын және дәстүрлі энергетиканың дамуына үлкен серпін беретіні сөзсіз. Инвестициялық келісім бойынша Қазақстанда жалпы қуаттылығы 5 ГВт болатын күн, жел және су электр станцияларын салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жоспарлануда, – деп атап өтті Азат Перуашев.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты жалпы отандық кәсіпкерлікті дамытуға оң әсерін тигізетінін айтты.

Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекші қаржы институтының осы келісімді іске асыруға қатысуы отандық бизнес-қоғамдастыққа пайда әкелетіні сөзсіз, өйткені ол ұлттық экономиканың негізгі салаларына қазіргі заманғы ұйымдастырушылық мәдениет пен озық халықаралық технологияларды енгізуге ықпал ететін болады, – деп сенеді Азат Перуашев.

Бақытжан Отарбаева

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: