Қазақстанда "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы бекітілді

Zakon.kz
Жобаны іске асыруға 3,6 трлн теңге бөлу жоспарлануда.

Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаның мақсаты – әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, ол 2025 жылға есептелген.

Құжат 4 бағыт бойынша іске асырылады:

1. Қолжетімді және сапалы медициналық көмек
2. Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру
3. Отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары
4. Салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту.

Мынадай әлеуметтік әсер күтіледі:

* Азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 2020 жылғы 71,37 жастан 2025 жылы 75 жасқа дейін ұлғайту
* Халықтың медициналық қызметтер сапасына қанағаттану деңгейін 2020 жылғы 53,3%-дан 2025 жылы 80%-ға дейін арттыру.

Жобаны іске асыруға 3,6 трлн теңге бөлу жоспарлануда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды