Климатологтар Жерде адам төзгісіз ыстық болатынын айтты

pixabay.com
Ғалымдардың айтуынша, адам төзгісіз ыстық болады.

Пьер-Симон Лаплас институтының директоры Роберт Вотар арты жаһандық жылынуға ұласатын Жер бетіндегі жылу толқыны туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымдардың айтуынша, адам төзгісіз ыстық болады, деп жазады Phys.org.

АҚШ-тағы "Ажал алқабынан" Таяу Шығысқа және Үндістаннан Сахараға дейінгі аумақтардың тұрғындары климаттың өзгеруіне байланысты қазірден-ақ ыстықтың зардабын тартуда. Егер адамдар бірдеңе қылмаса, жағдай қиындайды, адам төзгісіз ыстық болады, деп жазды басылым мамандар сөзінен үзінді келтіріп.

Климат жөніндегі сарапшы Зик Хаусфазердің айтуынша, температураның шектен тыс көтеріле беруі енді жиілейді. Ол Калифорниядағы "Ажал алқабын" мысалға келтірді, онда термометр бағаны 2021 жылдың жазында 54,4 градусты көрсетті.

Климатолог климаттың бұлай өзгеруі құрғақшылыққа, орман өрттеріне, дауыл мен су тасқынына әкеледі деп санайды.

Жерге жылу толқыны келеді. Катаклизмдер көбейіп келеді, деді Пьер-Симон Лаплас институтының директоры Роберт Вотар.

Ғалымдардың пікірінше, планетаның шамадан тыс жылынып, температураның шектен тыс өсуі әбден мүмкін екенін айтты.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда