Болат Бақауов мерзімінен бұрын босатуға берген өтінішін кері қайтарды

Instagram/bbakauov
Нәтижесінде өтініш Бақауовқа қайтарылды.

Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін кері қайтарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар қаласының №2 сотына Болат Бақауовтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші келіп түсті. 29 қазанда сот отырысы басталғанға дейін ол өтінішті кері қайтарып алды, – делінген сот хабарламасында.

Нәтижесінде өтініш Бақауовқа қайтарылды.

2020 жылдың қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Болат Бақауовты ұстаған еді. Ол билікті асыра пайдаланды деген айыппен екі айға қамауға алынды. Былтыр мамырда ол 3,5 жылға сотталды.

Белгілі болғандай, Бақауовтың туысына тиесілі AksuTransLogistic кәсіпорнында 200 млн теңгеден астам сомаға салық заңнамасы бұзылған. Бұрынғы әкім МКК-ден салықтық тексерудің шынайы нәтижелерін жарияламауды және қосымша есептелген соманы 3 млн теңгеден кем емес қылып азайтуды талап етті.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған