Әуе қорғаныс күштері жаңғыртылған зениттік зымыран кешендерімен нығайтылуда

ҚР Қорғаныс министрлігі
Зымырандарды ұшыруды әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің жауынгерлік есептоптары жүзеге асырды.

Қарағанды облысындағы "Сарышаған" полигонында күрделі жөндеу мен жаңғыртудан өткен С-300ПС зениттік-зымыран кешендерінен оқ атудың қорытынды сынағы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зымырандарды ұшыруды әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің жауынгерлік есептоптары жүзеге асырды. Күндізгі және түнгі уақыттарда баллистикалық зымырандарды имитациялау арқылы әуе нысаналарына оқ атулар жүргізілді.

Бүгінгі күні біз кешендерді қабылдауды аяқтаймыз, техника әскерлерге жіберіліп, олар мемлекеттің әуе шебін күзетуде жауынгерлік кезекшілік атқаратын болады, – деді Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов. – Оларды қабылдауға зымырандарды іс жүзінде ұшыру барысында қосымша тәжірибе жинақтайтын біздің жауынгерлік есептоптар жұмылдырылды.

Зениттік зымыран кешендері әуе кеңістігін қорғауда жауынгерлік кезекшілік атқару үшін Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдеріне берілетін болады.

С-300ПС зениттік зымыран кешені әлемдегі ең қуатты әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің бірі саналады. Жоғары дәлдіктегі қаруды қолдана отырып олар әуе шебін жаппай шабуылдан қорғауды қамтамасыз етеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды