Таз болудың себебі анықталды

pixabay.com
Ғалымдар таздықтың мұндай механизмі туралы бірінші рет хабарлап отырғаны атап өтіледі.

Ғалымдар таз болудың себебін анықтады. Чикагодағы Солтүстік-Батыс университеті ғалымдарының зерттеуі бойынша, шаштың түсіп, орнының үңірейіп қалуы тін жасушаларының қартаюынан болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәжірибелер тышқандарға сыналды, деп жазады РИА Новости. Ғалымдар шаштың тін жасушалары қартайғанда олардың жабысқақтығы азайып, фолликуладағы арнайы орындарын тастап, дермаға енетінін анықтады. Нәзік микроортадан тыс олар, әдетте өмір сүре алмайды.

Салдарынан шаштың өсуіне қажетті тін жасушалары азайып, шаш сирейді. Бұл шаштың жұқаруына және бірте-бірте таз болуына әкеліп соғады, - дейді Nature Aging журналындағы мақалада.

Ғалымдар таздықтың мұндай механизмі туралы бірінші рет хабарлап отырғаны атап өтіледі.

Ғалымдар бұл жаңалықтың ашылуы адамдарда шаш түсуімен күресуге көмектеседі деп үміттенеді, өйткені тышқандардың фолликулалары адамдарға ұқсас.
Алопеция (таз) - бас пен желкенің белгілі бір тұстарында шаштың ішінара немесе толықтай жойылуына әкеліп соғатын патологиялық шаштың түсуі. Алопецияның ең көп таралған түрлері андрогенетикалық, диффузиялық немесе симптоматикалық, ошақты немесе ұялы, тыртықты болып келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады