Алматыда таксистер қатаң бақылауға алынады

Zakon.kz
Тексеріс барысында полицейлер қоғамдық көліктерге үлкен мән береді.

"Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық шарасы мегаполисте 8 қарашада басталып, 17-сіне дейін жалғасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет етеді, сәйкесінше көшеде олардың саны да көбейеді, деп ескертеді kolesa.kz.

"Автобус және такси парктерінің қызметі ерекше назарда болады. Соған байланысты қаладағы автокәсіпорын өкілдерімен жоспарсыз жиналыс өтіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мәселе талқыланады", — деп мәлімдеді Алматы ПД басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Тәртіп сақшылары автобус жүргізушілері мен таксистердің жұмысын қалай бақылайтынын шенді нақты айтпады, оның сөзінше, шара кезінде әйнегін қараңғылаған, жалған нөмір таққан, заңсыз құрылғы мен дабыл белгісін орнатқандарды анықтауға да күш салынады. Жылдамдықты шамадан тыс асырып, басып озу, маневр жасау, қиылыстан өту, жаяу жүргіншіні өткізу ережелерін елемейтіндер де назардан тыс қалмайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды